389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда онкология бөлімінде ем алып жатқан бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды

  • 297
Алматыда онкология бөлімінде ем алып жатқан бүлдіршіндерге мерекелік шара ұйымдастырылды

«Армансыз күнім болмайды». Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкология бөлімінде ем алып жатқан бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара дәл осылай аталды.

Ашық аспан астында өткен концертке дайындық осыдан бір ай бұрын басталған екен. Емделушілер арасындағы дарынды балалар сурет салу мен қол өнер бойынша сайысқа түсіп, бүгін үздіктері анықталды. Кішкентай емделушілер арасында керемет ән айтып, жақсы билейтіндер де бар. Тіпті олар еліміздің белгілі эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетіп, балалар мерекесінде өздерінің армандарының орындалып жатқанын айтты. Ал даладағы қызықты көре алмаған жеткіншектер үшін аурухананың терезелері айқара ашылып, балақайлардың көңілін шаттық кернеді. Олардың өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында орталық дәрігерлері мен аналар флешмоб билеп, мультфильм кейіпкерлері балақайлармен бірге естелік суретке түсті.

Хабар 24 телеарнасы