389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық туроператорлар Алматының туристік әлеуетін бағалады

  • 336
Отандық туроператорлар Алматының туристік әлеуетін бағалады BNews.kz

Отандық туроператорлар Ұлы даланы аралап жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы олар Алматыға табан тіреді. Қаланың туристік хабын, көрікті орындарын аралап көрді. «Медеу», «Шымбұлақ», «Көктөбенің» саяхатшылар үшін ғана емес, шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше орынға айналғалы қашан. Енді Алматы және Алматы облысында емдік туризмді дамыту, көпке таныту мақсаты тұр. Бүгінде Жетісу өңіріндегі «Жаркент Арасанға» келушілер қатары артқан. Алматы облысындағы Шарын шатқалы, «Жаркент мешіті», «Әулие ағаш» сынды сыр тұнған өлкені аралаған туристік операторлар өңірдің әлеуетін ерекше бағалады. Ішкі туризмді өркендетуге ден қойған мамандар бірқатар нысандармен әріптестік келісім жасасты.

Гаухар Жеңісбек, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ департамент директоры:

– Алматы мен Алматы облысында біз үш негізгі нысанды араладық. Міне сапарымыздың жетінші күнінде туроператорларымыз талай ақпаратқа қанықты. Нұр-Сұлтаннан басталған турне Шығыс Қазақстанда аяқталады. Еліміздің әр түкпірін аралап көрген туризм мамандары дұрыс бағыттарды екшеп, қазақстандықтарға ұсына алады.

Хабар 24 телеарнасы