388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бірқатар елді мекенге газ тарту жұмыстары аяқталады

  • 582
  • UPD: 20:08, 02.06.2019

Биыл Түркістан облысының Арыс қаласында ұзындығы 38 шақырым болатын 32 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар Арыс пен Ақдала және Қожатоғай ауылдық округтеріне қарасты бірнеше елді мекенге газ тарту жұмыстары аяқталады. Ал қала іші мен көше бойын абаттандыру жұмыстары күзге дейін жалғасады. Шырайы кірген шағын қаланың дамуы жайында тілшіміз айтып береді. Ажары айшықталған Арыс қаласы жылдан-жылға гүлденіп, көркейіп  келеді.

Мұндағы тынымсыз тірлік пен қарқынды құрылыстан соны аңғаруға болады. Аз ғана уақыттың ішінде «Көктем» шағын ауданы құрылып, бірнеше жаңа тұрғын үйлер бой көтерді. Биыл қала ішілік 32 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның екеуі облыстық маңызы бар жолдар. Жол құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд 184 млн теңге қаржы  қарастырылған. Бүгінге дейін ішкі жолдар бойынша 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Ал қалған көшелердің жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Қазыбек Ақылбай, Арыс қалалық жолаушылар бөлімінң бас маманы:

- Күрделі жөндеу бойынша тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. 11 шақырым 300 метр  ұзындығы. 2018 жылы 450 млн теңге қаржы толығымен игеріліп, қалған 734 млн теңгені биылғы жылы өндірістік кестеге сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Арыс қаласын газбен қамту жұмыстыры да қарқын алған. Арыс пен Ақдала және Қожатоғай ауылдық округіне қарасты бірнеше ауылды газбен қамту жұмыстары жалғасуда. Оған былтыр облыстық бюджеттен 99 млн теңге қаржы бөлінген. Жалпы жоба 3 кезеңді қамтиды. Әуелі Арыс қаласы мен Онтам, Сырдария елді мекендерінің халқы көгілдір отынға қол жеткізеді.

Ербол Төреханов, Арыс қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Екінші кезек бойынша 2019 жылға мемлекеттік бюджеттен 637 млн теңге қаржы бөлініп, құрылдыс жұмыстары жүргізілуде. Үшінші кезек бойынша Көктем тұрғын үй алаңында құрылыс жұмыстары басталды. Оған бюджеттен 529 млн қаржы бөлініп, Тараз, ПМС тұрғын үй аудандарында ішкі жүйелерінің құрылысы жалғасуда.

Арыс қаласын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Былтыр «Мәңгілік ел» мен «Құрметті азаматтар» аллеясы көгалдандырылған болатын. Биыл Арыс-Шымкент тас жолының бойында 1,5 шақырым жер қоршалып, ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Мұнда 630 түр қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Су ұңғымасы қазылып, тамшылатып суғару жүйесі іске қосылмақ. Күзге қарай тағы да екі қатар Павловния мен жиде ағашының көшеттері егіледі. Жалпы осы жұмыстарға 30 млн теңге қаржы қаралған.  

Серік Орынбасар, Арыс қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Абаттандыру саласы бойынша 3 жоба дайын. Атап айтқанда ұрынғы қымызхан орнын абаттандыру, Әбдіразақ 90 үйдің маңын абаттандыру, сонымен қатар Байтұрсынов 13 үйдің маңын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Айта кетейік, өткен жылы Арыс қаласында негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 7 млрд 727 млн теңгеге жеткен. Бюджет есебінен 4 млрд 80 млн, ал жеке қаражат есебінен 3 млрд 647 млн теңгеге инвестиция тартылған. Сондай-ақ 2018 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім мен ұсынылған қызметтің көлемі 23 млрд 370 млн теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 360 млн теңгеге арттық.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы