382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан қауіпті мал ауруларынан таза аймақ деп танылды

  • 177
  • UPD: 17:45, 02.06.2019

Отандық мал дәрігерлерінің еңбегі жоғары бағаға ие болды.

Парижде халықаралық эпизоотиялық бюрода Қазақстанды аусыл дертінен таза аймақ ретінде таныған 5 сертификат табысталды. Сондай-ақ доңыздардың африкалық обасынан аулақ ел болып танылдық. Биыл осы қауіпті ауру Ресей мен Қытайда тіркелген болатын. Жаңа дәреже ет пен сүт өнімдерімізді экспорттауға мүмкіндігімізді арттырып отыр. Осы халықаралық ұйымның жануарларды қорғауға арналған ассамблея барысында 20 мемлекеттің өкілдері делегациямызбен келіссөздер жүргізді. Малайзия, Гонконг, Жапония және өзге де бірқатар ел қазақстандық өнімдерге қызығушылық білдірген.

Моник Элуа, халықаралық эпизоотиялық бюроның бас директоры:

- Қазақстандық тарап бірнеше жыл бойы белсенді араласып, біздің стандартарды ұлттық деңгейде қолдануға ықылас білдіріп жатыр. Бүгін сертификаттың табысталуы осы тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қазақстан аймақтағы өзге елдерге жақсы үлгі көрсете алады деп ойлаймын.

Гүлмира Исаева, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Еліміздегі әрбір мал дәрігері өз үлесін қосты. Табысқа жеткенімізді көріп тұрсыз, Қазақстан аусыл дертінен таза ел. Бұл өте үлкен жетістік, себебі мал шаруашылығы өнімдерін сатуға зор әлеуеті болғанымен осы дәрежеге жете алмай жүрген елдер көп.

Хабар 24 телеарнасы