389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сайлауға дайындық пысықталды

  • 521
  • UPD: 19:13, 02.06.2019
Алматы облысында сайлауға дайындық пысықталды

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына санаулы күн қалды. Саяси науқан алдында Алматы облысындағы жауапты мамандардың дайындығы тағы бір мәрте пысықталды.

Өңірге арнайы келген орталық сайлау комиссиясының өкілдері сайлау туралы заңды түсіндіріп, ережелеріне тоқталды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көлік тұрағы, пандус, трафарет берілуі керектігін атап өтті. Бұдан өзге де маңызды мәселелерге баса назар аударды. Мәселен, сайлау учаскелері дауыс беруге бір сағат қалғанда ашылуы тиіс. Бюллетеньдер есептеліп, жәшіктің бүтіндігі тексерілуі қажет. Облыстағы осы жұмысты атқаратын 3 мыңнан аса сайлау комиссиясының мүшесі қашықтықтан оқыту курсынан өткен. Тиісті сертификатын алған. Басқосуда сан түрлі сұрақтар қойылып, жауап берілді. Сайлау учаскелерінің жабдықталуы да тексерілді. 

Ләззат Сүлеймен, орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 

- Қазір сайлау алдындағы сайлау учаскелеріндегі тізімді нақтылау, сайлау учаскелерін жабдықтау мәселелері жүзеге асып жатыр. Бүгін бірнеше учаскеде болып дайындығын көрдік. Учаскелік сайлау комиссияларының дайындығын жақсы деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы