382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада зағип жандарға сайлау ережесі аудиоформатта түсіндірілді

  • 127
  • UPD: 19:37, 02.06.2019

Қызылордалық зағип жандарға сайлау ережелері аудоформатта түсіндірілді.

Орталық сайлау комиссиясы дайындаған арнайы жадынама облыстық зағип жандарға арналған кітапханаға да жеткізілді. Осыған орай арнаулы кітапхана қызметкерлері көз мүгедектері үшін «Ақпараттық сағат» шарасын ұйымдастыруда. Жалпы облыс бойынша бүгінде көз мүкісі бар 5 мыңдай азамат болса оның 2 мыңы айтулы кітапханалар желісінің оқырманы болып табылады. 

Нұрлан Бақтияров, облыстық зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған кітапхана директоры:

- Жалпы бұл бізге өте керек дүние еді. Жадынама қазір өздеріңіз көріп тұрғандай 20 бөлімнен тұрады. Сайлауға дейін, 9 маусым күнге дейін екі рет тағы да қосымша осы «Ақпарат сағатын» ұйымдастыратын боламыз алдағы уақытта.

Хабар 24 телеарнасы