387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да сүйектен түйін түйетін шебер қария тұрады

  • 387
  • UPD: 23:28, 02.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка ауылында сүйектен қолөнер бұйымдарын жасайтын шебер тұрады.

75 жастағы Дәуей Шатырбай Моңғолия елінен көшіп келген. Оның қолына тиген жылқының тұяғы, сиыр мен қойдың мүйізі дем арасында әдемі дүние болып шыға келеді. Қазір ісмердің үйіндегі шағын шеберханада қайталанбас кәдесыйлардың топтамасы жиналды. Бұл олардың отбасылық ермегі. Енді он саусағынан өнер тамған қария атадан балаға мирас болып келе жатқан өнерді жастарға дарытып, үйірме ашпақшы.     

Дәуей Шатырбай, шебер:

- Сүйекпен жұмыс жасау деген оңай нәрсе емес. Оған төзімділік керек. Ал қазір жастардың екінің бірінің қолынан келеді. Бірақ та төзімділігі аз. Өйткені көп уақыт айналады. Мына жылқының тұяғынан қалың нәрсе жоқ. Мынандай жағдайға келтіру үшін, өңге келтіру көп шаруа істеймін.

Хабар 24 телеарнасы