378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий теңізіндегі әскерилер сайлауда жағалауға келіп дауыс береді

  • 133
  • UPD: 21:28, 02.06.2019
Каспий теңізіндегі әскерилер сайлауда жағалауға келіп дауыс береді

Алдағы Президент сайлауы күні Маңғыстау облысында шекара шебінде тұрған әскерилер үшін жылжымалы дауыс беру қызметі жұмыс істейді.

Сайлау комиссиясының мүшелері мінген қос тікұшақтың бірі қазақ-түркімен шекарасына, екіншісі Каспийдегі «Құлалы аралына» ұшады. Ал, теңіздегі сақшылар жағалауға аялдап, дауыс береді. Әскери айлаққа арнайы жәшік қойылған. Жалпы Ақтауда 74 сайлау бөлімшесі ашылды. Оның 5-і әскери бөлімдерде, 2-і ауруханаларда, ал біреуі тергеу изоляторында жұмыс істейді. Қазір сайлаушылардың саны нақтыланып жатыр.

Тойлыбай Сатыбалдиев, Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бұрын кабиналар бірдей болатын еді. Биыл қосымша мүгедектерге арналған кабиналар орналастырдық. Сосын оларға демалатын бұрыштар ұйымдастырдық. Біздің қаламызда 390 арбамен жүретін адамдар, 180 көзі көрмейтін адамдар бар. Сол күні ол жандар үшін таксилер қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы