384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 108 пәтер пайдалануға беріледі

  • 189
  • UPD: 15:16, 03.06.2019
Түркістан облысында 108 пәтер пайдалануға беріледі MediaON

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 3 тұрғын үй Арыс қаласындағы «Көктем-2» шағын ауданында бой көтерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ішкі әрлеу мен  монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалдамалы пәтерлердің кілті алдағы тамыз айында баспанаға мұқтаж, үй кезегінде тұрған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және бюджеттік сала қызметкерлеріне табыс етіледі. 3 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Әр үйде 36 пәтерден орналасқан. Тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған пәтерлер 1-2 және 3 бөлмелі. Тұрғын үйлердің жалпы жобалық құны 820 млн теңгені құрап отыр. Қазір 200-ден астам жергілікті тұрғын тынбай жұмыс істеп жатыр. Олар еңбектеріне қарай 70 пен 100 мың теңге аралығында жалақы алады.

Темірхан Сатыпалды, Арыс қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу үсінде. Тамыз айында толық бітіріп, тапсырамыз. Алдағы маусым айында тағы да 2 үйдің құрылысы басталады. Қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу бәйгесі жарияланып отыр. Келесі жылы бітеді: 5 қабатты 2 үй, әр қайсысында 50 пәтерден.

Хабар 24 телеарнасы