389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы Жеңіс саябағы жөндеуден өтеді

  • 327
  • UPD: 15:16, 03.06.2019
Павлодардағы Жеңіс саябағы жөндеуден өтеді

Келер жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы тойланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда Павлодар қаласында Жеңіс саябағы жөндеуден өтеді. Даңқ алаңының тозып кеткеніне алаңдаушылық білдірген   шаһар тұрғындары жергілікті билікке талай мәрте өтініш айтқан. Өйткені соңғы 10 жылда саябақтағы тас төсеніштер ауыстырылмапты. Батырлардың құрметіне орнатылған ескерткіштердің де өңі кете бастаған. Жөндеу жұмыстары кезінде шамамен бес мың шаршы метр аумақтың тас  төсеніштері ауыстырылады. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 40 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Сонымен қатар үстіміздегі жылы облыс орталығындағы саябақтар мен гүлзарларды қалпына келтіруге қазынадан 200 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Абанттандыру бағдарламасы аясында Павлодарда тағы бірнеше саябақ пайда болады.

Арман Құсайынов, қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Қазірдің өзінде ескерткіштер, ордендер, алаңдағы орындықтар сырланды. Гүлдер отырғызылып жатыр. Маусым айының ортасына дейін жоспарлаған жұмыстарымыздың барлығын аяқтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы