379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 100 мың шаршы метр аумақ гүлмен көмкерілді

  • 102
  • UPD: 15:15, 03.06.2019
Алматыда 100 мың шаршы метр аумақ гүлмен көмкерілді

Оған қоса бес мың вертикальді гүл шоқтары қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланы көгалдандыру қаржысын үнемдеу жобасы да іске асырылған. Биылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында бес жылдық келісім жасалды. Оған сәйкес жыл сайын тендер өткізілмейді, кәсіпкерлерге бөлінген аумақ бес жылға дейін өзгермейді. «Бұл мақсатқа жұмсалатын қаржы мен гүл түрлері де алдын ала есептеледі», – дейді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, Алматыда ағаш отырғызу жұмыстары да аяқталған. Жыл соңына дейін қаладағы көшеттердің саны отыз мыңға жетпек.

Нұрлан Құттыбаев, қалалық жасыл экономика басқармасының бас маманы:

- Биылғы жылдың көктемгі ағаш отырғыз маусымы да аяқталды. Қалада жалпы саны 14 мыңнан аса көшет отырғызылды. Көшеттердің бір бөлігі шығыс айналма жолға, әл-Фараби даңғылына жерсіндірілді. 726 ағаштың жартысы қылқан, қалғаны жалпақ жапырақты талдар.

Хабар 24 телеарнасы