389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды көшелеріне алғаш рет 8 мың түп раушан отырғызылды

  • 190
  • UPD: 15:14, 03.06.2019
Қарағанды көшелеріне алғаш рет 8 мың түп раушан отырғызылды

Осылайша келешекте бір маусымдық гүлдерден арылып, көпжылдық көшеттерді көбейту жоспарда, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл қазынаның қыруар қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», – дейді мамандар. Себебі қазіргі егіп жүрген шырайгүл тек бір жыл ғана көктейді. Биыл кеншілер шаһарына 900 мың түп шырайгүл егу жоспарда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке көп.

Жанболат Тоқмурзин, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Биылғы жылы біз көпжылдық гүлдер отырғызып жатырмыз. Бірінші рет отырғызып көріп, қалай болатынын, әдемі болады ма, біздің табиғатымызға қалыптасады ма, соның бәрін отырғызып көріп, келесі жылы гүлдің сапасы мен санына қарап шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы