389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда көгалдандыруға 87 млн теңге жұмсалды

  • 260
  • UPD: 15:14, 03.06.2019
Көкшетауда көгалдандыруға 87 млн теңге жұмсалды

Көкшетауда биыл 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 1 мыңы шырша, 700-ден аса қарағай, 5 жүздейі терек және 800 тал басқа да ағаш көшеттері. Жасыл желектердің көбісі қаланың орталығына сән беріп тұр. Әсіресе шыршалар көбейген. Шаһарда оларды күтіп баптайтын арнайы мекеме бар. Ал гүлдер осы жылы 13 мың шаршы метрден астам аумаққа отырғызылды. Жалпы, қаланы көгалдандыруға биыл жергілікті бюджеттен 87 млн теңге қаржы жұмсалған. Енді қала билігі аулаларды абаттандыруға кіріспек. Биылдың өзінде 20 шақты көпқабатты үйдің ауласы күрделі жөндеуден өткізілмек.

Сағындық Шабаров, қала әкімінің орынбасары:

- Бірінші жоба, бұл Набережный, Абай, Әуелбеков және Пушкин көшелері бойынша. Бұл ауланың ішінде 10 көппәтерлі үйлер бар. Екінші жоба, бұл Пушкин, Әуелбеков, Тәшенов, Абай көшелерінің қиылысында. Оның ішінде 14 көппәтерлі үйлер бар. Бұл күрделі жөндеудің ішінде балалар алаңдары құрылады және спорттық алаңдар құрылады.

Хабар 24 телеарнасы