389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда гүл және тал көшеттерін егуге 160 млн-ға жуық теңге жұмсалады

  • 250
  • UPD: 15:13, 03.06.2019
Ақтауда гүл және тал көшеттерін егуге 160 млн-ға жуық теңге жұмсалады

Ақтауды көгалдандыру жұмыстары әдеттегідей екі бағытта жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жайқалып тұрған жасыл желекті суарып, әрі күтіп-баптауға қала бюджетінен 600 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Бұл жұмыстармен жыл соңына дейін айналысуы тиіс мердігер мекеме әлі күнге белгісіз. Өйткені мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс мерзімі аяқталған жоқ. Қазіргі таңда талға су құйып, түптерін әктеумен жергілікті компания жұмысшылары уақытша айналысуда. Сондай-ақ биыл шаһар ішіне жаңадан ағаш және гүл көшеттерін отырғызуға 160 млн-ға жуық теңге жұмсалады. Бұл бағыттағы іс-шаралар кестеге сай жүріп жатыр.

Айбек Ербөлеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Шамамен 1100-ден астам ағаш, екі мыңнан астам раушан гүлдері және 150 мыңнан астам бір жылдық гүлдер егілген. Сонымен қатар 12 мыңнан астам бұталар егілген. Ал жасыл желектерді күтіп-ұстау және суару жұмыстары бойынша бүгінгі күні конкурс жүруде. Мердігер мекеме анықталғанша екі ай мерзімге келісімшарт жасақталып, қазіргі таңда ол мердігер мекеме жұмыстарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы