379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыны абаттандыруға тұрғындар да атсалысуда

  • 123
  • UPD: 15:13, 03.06.2019
Қарағандыны абаттандыруға тұрғындар да атсалысуда

Қарағанды қаласын абаттандыру жұмысына жергілікті тұрғындар да ерікті түрде атсалысып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, 30 жыл құқық қорғау саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан отставкадағы подполковник Петр Володин санаулы жылдар ішінде үйінің маңын жасыл баққа айналдырған. Оның айтуынша, бір кездері бұл жерден су құбыры өтіпті. Оны қазып алған соң, орны ми батпақ болады. Ал кейін тұрғындар алаңқайға күл-қоқыс төгіп, заңсыз полигон жасап алған. Зейнеткер бірнеше жыл бойы ол жерді өз күшімен тегістеп, қара топырақ төгеді. Жұмысқа кеткен ақшаны қалтасынан шығарыпты. Ал көңді даладан терген. Қараусыз жатқан саяжайлардан 50 түп қарағай, қайың, алма ағашын қазып әкеліп отырғызады.   

Петр Володин, қала тұрғыны:

- Қол қусырып қарап отыруға болмайды, әрекет жасау керек. Бұл маңайдың барлығы күл-қоқыс болды. Оны тазалап, жайқалған баққа айналдыруға бірнеше жыл кетті. Енді келешекте жолдың жиегіне дейін ағаш отырғызып, саясында халық демалатын орындықтар қойсам деген жоспарым бар. Негізі өз бетімен ағаш егіп, қаланы абаттандыруға үлес қосып жүрген жандар аз емес. Тек солардың басын біріктіретін бір алаң болса. Ақылдасып, көп шаруа тындырар едік.

Хабар 24 телеарнасы