389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


200 оқушы балалар туристік пойызымен қайда барады?

  • 281
  • UPD: 12:03, 03.06.2019
200 оқушы балалар туристік пойызымен қайда барады?

Бүгін астаналық теміржол вокзалында «Туған елге саяхат» Балалар экскурсиялық пойызы» жобасының жаңа маусымы басталды.

200-ден астам бала 9 вагоннан тұратын пойызда Қазақстанның көрікті қалалары мен тарихи орындарын аралайтын тоғыз күндік саяхатқа аттанды.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні жобаның бірінші маусымының барлық қатысушылары елордада жиналды, олар тәлімгерлермен танысты, топтарға бөлініп, спорттық және ойын-сауықтық шараларға қатысты.

Бүгін сапар алдында балалар елорданың ең әдемі жерлірінің бірі «ЭКСПО-2017» - «Нұр Әлем» Болашақ мұражайында болып, «Бәйтерекке» көтерілді, «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасын және елорданы екі деңгейлі автобуспен аралап жүріп, түрлі спорттық және мәдени сарайларды көрді.

Қалалар арасындағы саяхат кезінде пойызда балаларды түрлі шығармашылық, зияткерлік, бос уақытты тиімді өткізуге арналған шаралар мен тіл курстары күтеді. Алдағы саяхаттағы үлкен рөл балалардың қызықты уақыт өткізуі мен қауіпсіздігіне жауапты тәлімгерлерге тиесілі.

«Туған елге саяхат» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен жүзеге асырылып жатыр.

Пойыз елордаға 9 маусым оралып, бірінші саяхат маусымын аяқтайды. Сол күні балаларға арнайы қорытынды концерт ұйымдастыралады. Сонымен қатар, осы жылы тағы да екі сапар – 1 шілде мен 1 тамызға жоспарланып отыр. Жалпы 2019 жылғы маусымға 600 бала қамтылады: «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының шалғай өңірлерде, көпбалалы отбасында, аз қамтылған немесе толық емес отбасында тәрбиленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы 500 бала, «Отандастар қоры» КеАҚ-мен ынтымақтастық негізінде басқа елдерден келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала және байқау негізінде Қазақстан бойынша 50 бала.

Естеріңізге сала кетсек, жоба балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балхаш қалалары кіреді.

Хабар 24 телеарнасы