386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлықтар табысталмақ

  • 486
  • UPD: 12:42, 03.06.2019
Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлықтар табысталмақ astana.gov.kz

Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жастағы елорда тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

33 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады.

Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!» атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.

9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.

Хабар 24 телеарнасы