382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда тоған тазартылып, шаруалардың мәселесі шешілді

  • 127
  • UPD: 15:10, 03.06.2019
Жетісуда тоған тазартылып, шаруалардың мәселесі шешілді

Балқаш ауданында жыл сайын 8 мың 800 гектардан астам жерге күріш егіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы дақылды егетін шаруалар былтыр судан тарығып, біраз қиыншылық көрген еді. Өйткені Тасмұрын каналы бітеліп, судың ағысы баяулаған. Биыл бұл кемшілік ретке келтіріліп, бас тоған тазартылды. Табаны тереңдетіліп, ені кеңейтілді.

Айта кетейік, 260 шақырымға жуық каналы бар «Балқаш ирригация» мекемесінде бұндай жұмыстар былтыр да жүргізілді. Нәтижесінде Бақанас, Тасмұрын  магистральдарымен тіршілік нәрі тоқтаусыз егістік алқабына келіп жатыр. Дала еңбеккерлері 110 күн бойы су астында тұруы тиіс күрішті бастырып қойған.

Бауыржан Дәрібаев, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазір ешқандай қиындық жоқ. Су еркін келіп жатыр. Бүгінгі күні секундына 650 текше метр су жіберіліп отыр. Бұл бізге жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы