378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

  • 148
  • UPD: 15:09, 03.06.2019
Жетісулық құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Алматы облысының құтқарушылары суға түсу маусымының ашылуына орай тұрғындарға судағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жазда Жетісу өңірінде 51 адам суға батып кетті. Соның 13-і кәмелет жасына толмаған. Қайғылы оқиғаның көбі Қапшағай су қоймасында болды. Құтқарушылардың шұғыл әрекет етіп, суға батып бара жатқан 200-ге жуық адамды ажалдан арашалап қалғанын да айта кетейік. Биыл Қапшағай, Балқаш пен Алакөлдің жағасына 1 миллионнан астам саяхатшы келеді деген болжам бар. Сондықтан облыс құтқарушылары 1 маусымнан бастап күшейтілген режимге көшті.

Сайлаубек Шарапиев, облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы:

- Алматы облысының азаматтарына, қонақтарына айтарым – суға шомылуға барған кезде кәсіби құтқарушылары бар, медициналық пунктері бар демалыс базаларын таңдауға шақырамыз. Өйткені сіздерге дер уақытында көмек көрсетіледі және үлкендерді кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы