379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алименттен жалтарғандарға жұмыс ұсынылды

  • 156
  • UPD: 15:09, 03.06.2019
Елордада алименттен жалтарғандарға жұмыс ұсынылды Kapital.kz

Елордада 2 мыңға жуық әке алименттен жалтарып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар алимент өндіру орындарына жұмыссыздығын айтып айыптан қашқан. «Екі қолға бір күрек таппай жүрген» борышкерлерге бүгін шаһарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда 30-дан астам кәсіпорын құрылыс, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салалары бойынша жұмыс ұсынды. Жалпы, қала бойынша 10 мыңға жуық алимент өндіру туралы іс қаралып жатыр. Қала билігі туған перзенттеріне табысын қимай жүрген борышкерлермен тығыз жұмыс істей бастаған. Сот орындаушылардың сөзінше, дәл бүгін 600-ге тарта борышкер әке жұмыспен қамтылуы мүмкін.

Ерлан Оңтаев, қалалық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы:

- Сот шешімдерін орындамаған борышкерлерге заңнамада әкімшілік және қылмыстық жаза көрсетілген. Сонымен қатар алимент төлемеген адамдарға Қылмыстық кодексте жауапкершілік көрсетілген. Жұмысқа орналасу туралы қолына құжат ұсынамыз, өйткені олар жұмысқа орналаспай қашса, олар әкімшілік жазаға тартылады.

Қаламқас Күлшиманова, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы:

- Бүгінгі күнде Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында 7 мың вакансия ашық тұр. Жұмыс берушілер жұмысшыларды іздеп жатыр. Қала бойынша сұранысқа ие мамандықтар құрылыс, денсаулық сақтау саласы, қызмет көрсету және сату салаларында.

Хабар 24 телеарнасы