389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: Атырау облысында жұмысшылар үшін тасымалдау жәшігі ұйымдастырылады

  • 790
  • UPD: 15:17, 03.06.2019
Сайлау-2019: Атырау облысында жұмысшылар үшін тасымалдау жәшігі ұйымдастырылады

Атырау облысындағы 262 сайлау учаскесі Президент сайлауын өткізуге толықтай дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс тұрғындарының саны өсуіне байланысты биыл бұрынғыға қарағанда 25 учаске қосылып отыр. Олар облыс орталығы мен Жылыой ауданында. Сондай-ақ Теңіз кен алаңы мен «Қашаған» жобасындағы ауысыммен жұмыс істейтін мұнайшылар үшін де барлық жағдай жасалған. 

Азамат Айманақұлов, облыстық-аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- «Қарабатан» зауытына сайлау комиссияларының мүшелері арнайы тасымалдау жәшігімен баратын болады. «Қарабатан» зауытында екі мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Бұл жердегі негізгі мақсат – жұмысшылардың өз жұмысына алаңдамай, сол жерде жұмыс орнынан дауыс беруін қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы