389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы өкiлеттiгін асыра пайдаланған деп күдіктелуде

  • 238
  • UPD: 14:54, 03.06.2019
Түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы өкiлеттiгін асыра пайдаланған деп күдіктелуде elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласы түзеу мекемесінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланғаны үшін күдікті болып танылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен сотталғандардың біріне жазаны өтеу үшін қолайлы жағдай жасаған елорданың түзеу мекемесінің бұрынғы бастығының лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдалану фактісі анықталды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бақылаудың болмауына байланысты сотталған алаяқтық жолмен өз ақшаларын жаңа үйлер салу үшін сеніп тапсырған 500-ден астам азаматтың 128 млн теңге көлемінде ақшасын иемденген.

Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, күдіктіге қатысты түпкілікті үкім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы