389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында «Жас отау» арт-мүсіні ашылды

  • 314
  • UPD: 15:29, 03.06.2019

Ақсу қаласында елімізге танымал мүсіншінің арт-нысаны пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол «Жас отау» деп аталады. Қалалық саябаққа үйлесе кеткен ерекше мүсінді Еуразиялық топ 25 жылдық мерейтойының құрметіне тарту етті.

Ақсу ферроқорытпа зауытының еңбекшісі Анна Назарова қалаға   көрікті нысан керек деген ұсыныс тастаған. Кейін байқау жарияланып, Дэвид Мадеро қазылар алқасының құрамына шақырылыпты. Оны жүзеге асыруға қазақстандық мүсінші Эдуард Казарян кірісті. Осылайша «Жас отау» арт-нысаны пайда болды. 

Эдуард Казарян, мүсінші:

- «Жас отау» мүсіні келер күнге ұмтылыс, болашаққа сенімді бейнелейді. Мені Еуразиялық топтың шағын қалалардың рухани, мәдени дамуына инвестиция құйып, қамқорлық танытқаны қуантады.

Анна Назарова, автор:

- Мен өзімді өте маңызды механизмнің кішкентай бөлшегіне айналғандай сезіндім. Қаланың мәдени өміріне тамшыдай ғана үлесімді қосқаныма қуаныштымын.

Дэвид Мадеро – темірден түйін түйіп, металға жан бітіретін шебер. Оның көркем туындылары кәдімгі дәнекерлеу құрылғысы арқылы өмірге келеді.

Дэвид Мадеро, мүсінші:

- Мен бойымдағы өнерімді дәнекерлеу арқылы шығарамын. Осы құрал кез келген ұлт өкілімен тіл табысуға мүмкіндік береді.

Компания кәсіпорындарында еңбек ететін дәнекерлеушілер 3 күн Дэвид Мадероның шеберлік сабағына қатысты. Көркем туындылар мен терең мағыналы образдардан шабыт алды.

Айбек Қомытов, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының электр дәнекерлеушісі:

- Біз өндірістік дәнекерлеушіміз, біздің жұмыс басқа. Ал оныкі көркемөнер. Көркемсурет салу. Ол дүниежүзінде бірінші адам осы темірден суреттер, мүсіндер жасай алатын.

Еуразиялық топтың 25 жылдық мерейтойының құрметіне Ақсуда үлкен мерекелік концерт өтті. Қазақстандық жұлдыз Нazima қонақ ретінде шақырылған.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы