389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим елордалық ерекше балалармен кездесті

  • 349
  • UPD: 15:32, 03.06.2019
Ержан Максим елордалық ерекше балалармен кездесті

Жас әнші Ержан Максим елордадағы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен және қаладағы ерекше күтімді талап ететін мамандандырылған мектептің бүлдіршіндерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Голос. Дети» байқауында көптеген оқиғалар болды. Оның ішінде әрине қызықты оқиғалар да бар. Оның бәріне уақыт жетпейді. Және бүгінгі кездесудің мақсаты оны талқылау емес. Иә, байқаудың төңірегінде көптеген әңгімелердің айтылып жатқаны түсінікті. Бірақ, ол байқау қатысушыларының өзара араласуымызға кедергі жасамады. Біз жоба бойы барлығымыз бірге жүрдік, бірге ойнап-күлдік және достығымыз одан әрі жалғасады деген ойдамын. Ал шығармашылығыма келсем, басты арманым – әлемдік деңгейдегі жұлдыз болу. Жеке әнімді жазғым келеді. Сондай-ақ бокспен айналысу - армандарымның бірі. Сонымен қатар, мен үшін маңызды болып саналатын ол Мәскеудегі оқу (Игорь Крутойдың музыкалық академиясы). Осы тамызда көшеміз, қыркүйекте сабақ басталады», - деді Ержан Максим.

Сондай-ақ, жас әнші балалардың сұрақтарына жауап беріп, кездесу соңында әр балаға жеке концертіне шақыру билетін табыстап, одан бөлек тәтті сый ретінде балмұздақ тарту етті.

«Қазіргі уақытта концертке қызу дайындық жүруде. Онда отандық танымал әншілермен дуэт орындайтын болады. Ал шетелдік әншілер бойынша әлі күнге дейін келісім жүріп жатыр, нақтыланған кезде хабарлайтын боламыз. Тағы бір ескертетін жайт, байқау аясындағы алыпқашпа әңгімелерге қатысты. Біздің ешқандай ренішіміз жоқ, бастысы балалар риза және араларында ешқандай кикілжің жоқ», - деді жас әншінің анасы Гүлмира Әлібек. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған аталған кездесу қаладағы мамандандырылған балалар үйінде өз жалғасын тапты. Мамандандырылған мектептің бүлдіршіндері Ержан Максимді ерекше қошеметпен қарсы алды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін жас әншінің елордада жеке концертінің өтетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы