389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде қара түсті балапандары бар аққулар пайда болды

  • 367
  • UPD: 16:26, 03.06.2019
Ертіс өңірінде қара түсті балапандары бар аққулар пайда болды pavlodarnews.kz

Аққулы ауданының Ямышево аулының маңындағы көлде аққу құстары ұя салған көрінеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке киелі құстардың суреттерін жолдаған Аққулы ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аманжол Еренұлы хабарлады.

«Павлодар қаласынан ауданған кетіп бара жатқан едім. Бір кезде судың жағасында жүрген екі киелі құс пен үйрек-қаздарды көзім шалып қалды. Табиғаттың әсем көрінісі мен құстарды суретке түсіріп алу көптен бері әдетке айналған. Сол әдетім бойынша көліктен түсіп жақындап едім, қанаттылар су айдынында қара түсті 7-8 көгілдірімен бірге жүзіп жүр екен. Біздің өлкеге бұл құстар соңғы жылдары жиі ұшып келетін болды. Дегенмен, балапандарымен бірге жүргені таңдандырды.

Биология ғылымдарының докторы, профессор Қайырбай Базарбеков, қара қулар Австралияда мекендейтінін, бұл сол жақтан келген құстар болуы мүмкін екенін айтады. «Оларды австралиялық қара қулар деп атайды», - дейді Қайырбай Базарбеков. Профессордың айтуынша, аққулар кейде Алматы өңірінде, Каспий теңізінде қыстайды. Әрі қарай Австралия, Африкаға ұшып кетеді. Қазіргі таңда киелі құстар аймақтың көптеген жерлерінде кездеседі. Оған тыныштық факторы, яғни қауіп-қатердің аз болуы әсер етеді.  «Мысалы, жуырда әуежайдың жанында және Ақтоғай ауданының маңында 28 аққуды көріп қалдық», - дейді Қайырбай Базарбеков. «Олардың ішінде үлкен және қоңыр түстілері де кездеседі. Бірінші жылы аққудың көгілдірлері сұр түсті болады, тек үшінші жылы ғана ағарады. Сондықтан бұл балапандардың да ағарып кетпесіне кепілдік жоқ. Әдетте, аққулар жаз мезгілінде келеді де күздің қараша айында ұшып кетеді. Осыған дейін облыста қара қуды кездестірген жоқпын», - дейді Аманжол Еренұлы.

Еске сала кетейік, Аққулы ауданының орталығындағы шағын көлшіктерге биыл мамыр айының ортасында жұп-жұппен алты аққу ұшып келген болатын.

Хабар 24 телеарнасы