384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда құрылыс кластері іске қосылды

  • 73
Қарағандыда құрылыс кластері іске қосылды

Оның құрамына аймақтың 29 кәсіпорны кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кластерді дамытуға құрылысшылар, жобалаушылар, ғалымдар мен өндіріс мамандары үлестерін қосады. Олардың басты мақсаты – құрылыс және құрылыстық материалдарының сапасын арттырып, қолжетімді ету. Кластерді іске қосуға құрылысшылар бірлестігінің мүшелері екі жыл уақыт жұмсаған. Айта кету керек, кластердің құрылуына Баск елдерінің кеңесшілері де қатысқан. Бүгін Испаниядан келген мамандар аймақтың құрылыс секторын зерттейді. Олардың жаңа тұрғын үйлерді салу және ескі ғимараттарды қайта қалпына келтіру саласында тәжірибелері мол.

Йосу Эрнандес Сатурио, құрылыс компаниясының менеджері /Испания/

– Пилоттық жоба ретінде тұрғын үйлер салып көруді көздеп отырмыз. Мұнда жер көп, баспананы молынан салуға болады. Біз аймақтың климаттық жағдайын ескере отырып, үй құрылысы барысында барынша энергия үнемдеуіш технологияны қолдануға тырысамыз. Жақын арада жұмысқа кірісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы