378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда студенттік жатақханалардың жағдайы қатаң қадағалауға алынбақ

  • 127
Қазақстанда студенттік жатақханалардың жағдайы қатаң қадағалауға алынбақ

Жастар жылы аясында елімізде «Студенттер үйі 2.0» акциясы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара студенттердің өмір сапасын арттыруға бағытталған. Ол үшін жатақханалардың мемлекеттік стандартқа және санитарлық нормаларға сай болуы қадағаланып, студенттер үйіндегі тұрмыстық техниканың сапасы бақыланады. Ал жатақханалардың рейтингін жасау үшін қыркүйек айында үлкен сауалнама жүргізілмек.

Шахмардан Байманов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің комитет төрағасының орынбасары

– Студенттер осы акцияға тікелей қатысады. Қазақстан студенттерінің альянсы да арнайы мониторингтік топ құрып, жергілікті жердегі колледж, ЖОО студенттерінің жатақханадағы жағдайын тексереді. Бірлескен жоба болғаннан кейін осы акция арқылы студенттерге жайлы жағдай жасауды көздейміз.

Хабар 24 телеарнасы