378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Менингит дертімен жансақтау бөліміне түскен сарбаздың беті бері қарады

  • 115
Менингит дертімен жансақтау бөліміне түскен сарбаздың беті бері қарады

Менингит дертімен жансақтау бөліміне түскен сарбаз Дамир Зекен бүгін аурухана бөлімшесіне ауыстырылды.

Бұл туралы алматылық дәрігерлер хабарлады. Науқас есін жиып, телефон арқылы анасы және бауырларымен хабарласып тұрады. 19 жастағы Дамир Зекен Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жүрген. Естеріңізде болса, 25 мамыр күні ол менингит дертімен Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген болатын.

Тамара Құстайқызы, Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Бүгінгі күні науқастың жағдайы жақсарды. Бастың ауырғаны, интоксикация белгілерінің барлығы бүгінгі күні байқалып тұрған жоқ. Менингалды белгілері жоқ. Бүгін науқасты таңертең бөлімшеге көшірдік.

Хабар 24 телеарнасы