389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісайлық диқан табиғи таза қауын өсіруді қолға алды

  • 419
Жетісайлық диқан табиғи таза қауын өсіруді қолға алды

Жетісайлық диқандар экологиялық таза өнім алуды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін жергілікті шаруа өзіне тиесілі 10 гектар алқапқа 70 көлік малдың көңін төгіп, топырақпен араластырған. Сол жерге ешқандай химиялық қоспасыз, табиғи минералды тыңайтқыштардың көмегімен қауын егіп, мол өнім алуды жоспарлап отыр. Былтыр осы әдіспен 5 гектар жерге қауын егіп көрген диқан табиғи таза өнімге сұраныстың көп болғанын айтады. «Дәрімен піскен қауындар сияқты үлкен болмағанымен дәмі тіл үйіреді», – дейді диқан. Өткен жылы әр гектарынан 25 тоннадан өнім алып, оның 70 пайызын Ресейге, қалғанын еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне жөнелткен. Шаруа тұқымды алдымен жылыжайда өсіріп, кейін көшетін топыраққа отырғызады. Қазір қауынның жапырағы жайқалып, түйнек сала бастапты. Енді бір айдан соң табиғи таза өнім сауда сөрелеріне шығарылады. 

Мұса Әбиболлаев, шаруашылық жетекшісі:

– Қазір көргендеріңіздей, шығымы жаман емес. Гүлі бәрі шықты. Түйнекке отырды. Бұл жердегі мақсат – экологиялық таза, ешқандай химиялық дәрілерді қолданбай таза өнім алу. Биыл да Ресейге жөнелтіледі деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы