384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Шетелдік байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

  • 130
  • UPD: 23:35, 03.06.2019

Президент сайлауына қатысатын халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушыларды аккредиттеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі саяси науқанның өту барысын байқау үшін 1013 адам тіркелді. 866 байқаушы 9 бірдей халықаралық ұйымнан болса, қалған 147-сі – шетелдік. Араларында Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Палестина, Ресей, АҚШ, грузиялықтар бар. Атап өтейік, аккредиттеу 12 сәуірде басталды. Бүгін соңғы күні болды.

Зәуреш Баймолдина, ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Байқаушылардың қатарында 4 құрлықтың өкілдері бар екенін айта кеткен жөн. Алдағы сайлауда Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Азия елдерінің байқаушылары қызмет ететін болады.

Хабар 24 телеарнасы