389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл БҚО-да 40 елді мекенге ауыз су жеткізіледі

  • 297
  • UPD: 10:45, 04.06.2019

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 40 елді мекенге таза ауыз суы жеткізіледі.

Айта кету керек, аймақтағы 435 елді мекеннің 235-і, яғни тең жарымы тіршілік нәрінен тарығып отыр. Қазір өңірде осы өзекті мәселені оңтайлы шешу мақсатында нақты шаралар қолға алынды. Мәселен, Ақжайық ауданына қарасты Жайық ауылында 9 шақырым болатын су құбырының құрылысы жүріп жатыр.

Бақтығали Оралов жайық ауылының байырғы тұрғыны. Қазір зейнет жасында. Ауыз суды ұзақ жылдар бойы ауладағы құдықтан алып ішеді. «Осы сумен бау-бақшаны суарамыз, төрт түліктің талғажауына да жарап тұр. Бірақ құрамында қиыршық құмы көп болғандықтан денсаулыққа зиянды деп санаймыз» дейді ол.    

Бақтығали Оралов,  Жайық ауылының тұрғыны:

- 30 жыл бойы ішіп келе жатырмыз осы құдықтан. Соның әсері болар қазір жолдасымның бөтекесіне тас жиналып, соны Алматы барып алдырып келді. 1 сантиметр тас жиналып. Осы судың салдарынан болар енді, құм енгді 4-5 шелек алғаннан кейін басылады. Сразу құм алғаннан кейін басылады.  

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында былтыр ауданға қарасты 4 ауылға су құбыры тартылыпты. Биыл тағы 7 ауылға тіршілік нәрі жеткізіледі. Сол кезде ауданның таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші  95 процентке жетпек. Қазір Жайық ауылында да су құбырын тарту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа республика бюджетінен 154 миллион теңге жұмсалған. Жайық ауылы мен аудан орталығы Чапаевтың арасын небәрі 3 ақ шақырым бөліп жатыр. Алайда қатқыл табанды жолдың жоқтығынан жаңбырлы күндері көрші ауылға қатынау қиын дейді ауыл тұрғындары.

Қайыржан Қажығалиев,  Жайық ауылының тұрғыны:

- Көптен күткен ауыз су ауылымыздға келіп жатыр. Халық риза осындай құрылыстардың жүріп жатқанына. Енді мына ауданмен қарым-қатынаста жолымызды ретке келтіріп берсе деп есептейміз. Алдағы уақытта олар айтып шешілді деп айтады биыл жүргіземіз деп жатыр.

Алтынбек Қайсағалиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес биыл 40 ауылдық елді-мекенге таза су құбырын жеткізу бойынша жұмыстары басталды. 40 ауылды толықтай сумен қамтамасыз етіп  жұмыстар аяқталған кезде жыл соңында 50 мыңнан астам таза сумен қамтылатын болады. Бүгінгі күні 47 пайыз ауылдық елді мекендердің таза сумен қамтылғаны, ол 204 ауыл. Алдағы жылдары жоспарға сай кем дегенде 50 елді мекенге жыл сайын осы таза су жеткізу жоспарымызда бар.

2020 жылға дейін өңірдегі елді мекендерді таза сумен қамту көрсеткішін 80 процентке жеткізу көзделген. Бұл мақсатқа қосымша 4 жарым миллиард теңге қаржы қажет болады, дейді мамандар. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы