378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда Ұлттық ұланның әскери оркестрлері арасында байқау өтті

  • 116
  • UPD: 09:05, 04.06.2019
Қарағандыда Ұлттық ұланның әскери оркестрлері арасында байқау өтті

Қарағандыда Рәміздер күніне орай Ұлттық ұланның әскери оркестрлері арасында байқау өтті.

Еліміздің үш облысынан келген шығармашылық ұжым мемлекеттік әнұранды ойнаудан жарысты.

Сондай-ақ байқау шартына сәйкес, әрбір әскери оркестр вальс, джаз, тіпті қазіргі заманның әндерін де орындады. Әділ қазылар өнерпаздардың тек орындау шеберлігін ғана емес, әртістік қабілетін де бағалады. Үздік өнер көрсеткен жеңімпаз ұжым жуырда Астана қаласында өтетін халықаралық фестивальге жолдама алады. Өнер додасына 10 елдің оркестрі қатысады деген жоспар бар.  

Нұрбол Миртаев, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

- Көбінесе тәжірибе алмасу. Бізге Қытайдан келетін оркестрлер бар. Бізге Ресейден келетін оркестр бар. Бізге Өзбекстан, Қырғызстаннан келетін оркестрлер бар. Олардың деңгейлері қандай, жүру-тұру мақсаттары қандай, саптық дайындықтары қандай? Біздің олардан алатындарымыз бар және оларға көрсететініміз бар.

Хабар 24 телеарнасы