378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ауруханаларға медициналық ақпараттың электронды жүйесі енгізілді

  • 93
  • UPD: 11:46, 04.06.2019

Биыл Талдықорғандағы үш ауруханаға медициналық ақпарат электронды жүйесі енгізілді.

Нәтижесінде науқастарға көрсетілетін қызметтің сапасы жақсарып, дәрігерлердің жұмысы жеңілдей түскен. 

Бұрындары әрбір науқас емханаға кіре салып, медициналық картасын іздететін. Дәрігерге сол дәптерімен бірге баратын еді. Қазір қаладағы ауруханда ондай жүйе жойылған. Емделуші электронды кезекке тұрып, қалаған маманына жүгіне алады.

Ақбота Төлепбекова, қала тұрғыны:

- Осында эндоскопияға келдім. Осы талонды берген ыңғайлы. Кезек күтіп ұрсысып жатқанша, өзіміздің телевизор бар. Сол арқылы шақырады. Сосын кіреміз. Осы жағынан тиімді. 

Талдықорғанда 170 мыңнан аса адам тұрады. Олар  «Егов» порталы арқылы да дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Онда емделушінің келетін күні, уақыты көрсетіледі. Өз кезегінде мамандар да науқастың электронды картасындағы мәліметпен танысып, емдеу тәсілдерін де соған жазады.  

Дана Байсақова, терапия бөлімінің меңгерушісі:

- Электрондық цифрлық жүйені енгізгелі бері жұмысымыз жеңілдеді. Өйткені, бұрыңғыдай қағаздарды жазбаймыз. Қандай ақпарат керек болса, науқастардың электронды амбулаториялық картасынан қарауымызға болады. Ол былтыр тапсырды ма, биыл тапсырды ма? Бүкіл анализі науқастың сол электронда сақталады.

Компьютерлік томографияның сараптамасы да бірден электронды картаға түседі. Медициналық құжаттар базасы ортақ болғандықтан онымен  үш мекеменің дәрігерлері таныса алады. Яғни,қанатқақты жоба аурухана арасындағы қағазбастылықты азайтып, өзара байланысын нығайта түскен.

Қанат Әбдірахманов, қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Біріншіден, біздің дәрігерлеріміздің арасындағы қарым қатынас жақсарды. Бұрыңғыдай барып жатпайды, керек анализдерін дәрігерлердің өзі ашып көріп жатады. Екіншіден, медициналық құжатқа біздің дәрігерлер аз уақыт бөледі. Науқастарға науқастардың хал жағдайын білуге көп уақыт қалатын болып жатыр.

Жыл басынан бері жүзеге аса бастаған қанатқақты жоба өз  тиімділігін көрсетті. Болашақта оны өңірдің өзге де ауруханаларына енгізу жоспарланып отыр.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы