387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл жұрты медициналық электронды қызметтің шарапатын көріп отыр

  • 304
  • UPD: 11:47, 04.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы бірнеше жылда барлық медициналық ұйымдар цифрлық жүйеге көшеді.

Бұл арнайы қабылданған «Жол картасы» аясында жүзеге асырылатын болады. Қазірдің өзінде Петропавл қаласының тұрғындары электронды қызметтің шарапатын көре бастаған. 

Нөмірі бірінші қалалық емхана өңірде цифрлық жүйеге алғышқылардың бірі болып көшкен медициналық ұйым. Қазір мұнда науқастардың денсаулық төлқұжаттары электронды форматқа көшіріліп жатыр. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу, дәрігерге жазылу және кезекке тұру цифрлық жүйе негізінде жүзеге асады.

Гүлшат Байсейітова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Бұрынғыдай емханаға қоңырау шалудың қажеті жоқ. Қосымша арқылы барлық қажетті жұмысымды атқара беремін. Қабылдау уақыты, анализдердің қорытындысын, бәрін телефоннан көруге болады. Өте ыңғайлы.

- Есть функция вот вызов врача на дом, то есть случилось что у меня 40 температура, я причину вызова заполнила.

Дәл осы мобильді қосымша қарапайым халық үшін ыңғайлы. Уақыттарын үнемдейді. Дәрігерлер болса, қағазбастылықтан арылды. Қазір тіпті, бағдарламада дабыл қағу нүктесі іске де қосылды. Яғни оны бассаңыз, ақ халаттылар шақыртуыңызға шұғыл жетіп барады.

Сәбина Амантаева, емхана әкімгері:

- Бұл тетікті бассаңыз, жақын маңдағы терапевт пен жедел жәрдем қызметі сізге бірден жетеді. Ол іске қосылған бетте халықтың көбі оған сенбеді. Шақыртуға барған кезде расында қосымша жұмыс істейді екен ғой деп таңқалып жатқандары да болды.

Бүгінгі күні аталған емханада 40-тан астам қызмет түрі электронды форматқа көшірілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 54-ке дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл жаңашылдық бірінші кезекте құжаттарды қолдан жасауға жол бермейді.

Александр Гассман, емхананың статист дәрігері:

- Электронды базада науқастың емделу тарихы сақталады. Оны уақыт өте келе ешкім де өзгерте алмайды. Ақпараттық база қорғалған. Яғни сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

Биылғы жылдың өзінде бұл емханадан үш мыңнан астам адам еңбекке жарамсыз парағын электронды түрде алған. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы