388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


160 млн теңгені жымқырған «Астана банкінің» топ-менеджері қамауға алынды

  • 457
  • UPD: 10:30, 04.06.2019
160 млн теңгені жымқырған «Астана банкінің» топ-менеджері қамауға алынды inbusiness.kz

«Астана банкінің» топ-менеджері 160 млн теңге қаражатты жымқырған, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған комитеттің Экономикалық тергеу қызметі Әділет министрлігіне қарасты Республикалық құқықтық ақпарат орталығының шотынан 160 млн теңге қаражатты жымқыру фактісін әшкереледі.

«Астана Банкі» АҚ-ның басқармасы төрағасының орынбасары Е.Ж.Увалеев 2012 жылдың қазан айында Республикалық құқықтық ақпарат орталығының атынан төлем тапсырмасын қолдан жасап, ұрланған қаражатты өзіне бағынышты компанияның шотына аударған.

«Аталған қылмысты 6 жыл бойы жасыруға сол банктің менеджері А.Х.Жундугулова көмектесіп келген. Ол ай сайын Республикалық құқықтық ақпарат орталығының бухгалтериясына олардың шоты бойынша жалған мәліметтер беру арқылы мемлекеттік кәсіпорнында өзіне қатысты жасалған алаяқтық туралы білуіне мүмкіншілік болмаған. Тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын мойындап, келген шығындар көлемін толықтай өтеді. Тергеу барысында күдікті Е.Ж.Увалеев соттың санкциясымен қамауда болды», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілер өз кінәләрін мойындап, қылмыстың салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеді. Тергеу барысында күдікті Е.Ж.Увалеев соттың санкциясымен қамауда ұсталды.

Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен Е.Ж.Увалеев пен А.Х.Жундугулова кінәлі ретінде танылып, қылмыстық жауапқа тартылған.

Хабар 24 телеарнасы