378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерекке» келушілерге қолайлы жағдай жасалды

  • 124
«Бәйтерекке» келушілерге қолайлы жағдай жасалды

«Бәйтерек» монументінде Нұр-Сұлтан тұрғындары мен туристеріне қолайлы жағдай жасау үшін жайлы күту аймақтары ашылды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Кезекте тұрған кезде жаңбырдан және күннен қорғану немесе мобильдік құрылғыларды қуаттау немесе шағын дәмханада тамақтану үшін кіреберістерге шатырлар орнатылды. Сондай-ақ, бұл жерден кіру билетін сатып алып, экскурсия уақытына балалардың арбасын қалдыруға болады.

Сонымен қатар, биылғы жаз маусымында «Бәйтерек» монументінің жұмыс кестесі де өзгерді, енді таңғы сағат 09.00-ден кешкі 22.00-ге дейін ашық болады.

Билеттің құны бұрынғыдай: ересектер үшін – 700 теңге, балалар үшін – 300 теңге.

Хабар 24 телеарнасы