389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өз сайлау учаскеңізді білесіз бе?

  • 2874
  • UPD: 11:11, 09.06.2019
<span class=favorites>Өз сайлау учаскеңізді білесіз бе?</span> Egemen.kz

121 мыңнан астам астаналық сайлау учаскелерін іздеу қызметі арқылы өздерін сайлаушылар тізімінен тапты.

Сайлаушылар тізімін тексеру және сайлау учаскесін анықтау 6 тәсіл арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды elorda.info.

9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтеді. Сайлаушылар тізімінде болу үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлау учаскесі аумағында тіркеуде болуы жеткілікті.

Сайлаушылар тізімінен өзіңіз жайлы ақпаратты 

1. Тәулік бойы 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы

2. Қала қызметтері бөліміндегі Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы

3. Елорда әкімдігінің ресми astana.gov.kz сайтындағы «Сайлау-2019» - «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімі арқылы (сайлау учаскеңіздің мекенжайын ЖСН нөміріңізді, АТӘ және туған күніңізді енгізу арқылы анықтайсыз), елорда картасы (maps.astana.kz) сайлау учаскелерінің орналасқан жерін көруге мүмкіндік береді

4. Telegram-дағы @smartastana_bot чат-боты арқылы (өзіңіздің АТӘ, туған күніңізді, тіркеу мекенжайын және ЖСН нөмірін енгізу қажет)

5. WhatsApp мессенджері бойынша +7 776 7469241 нөмірі арқылы

6.  @smartastana2019 Instagram аккаунты арқылы анықтап алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы