378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь 2022 жылға дейін барлық медициналық мекемесін цифрландырады

  • 87
  • UPD: 12:00, 04.06.2019

Беларусь денсаулық сақтау министрлігі «электронды медицина» жобасын ендіре бастады.

Бұдан былай елдегі ірі емханалар цифрландырылатын болды. 2022 жылға дейін барлық медициналық мекемелерді электронды  базаларға ауыстыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде кейбір дәрігерлер жаңа тәсіл бойынша жұмыс істеуге көшкен.

Беларусьте медицинаны цифрландыру туралы әңгіме бұрыннан жүріп жатыр. Мамандар электронды рецепттер мен компьютерлік еңбекке жарамсыздық парағы секілді бірқатар жобаны жүзеге асырып үлгерді. Сарапшылардың пікірінше, денсаулық сақтау саласына Ай-Ти технологияларды ендіру  ең әуелі ем беру сапасын   арттыруға пәрмен бермек.

Ольга Есманчик, №39 қалалық клиникалық поликлиниканың бас дәрігері:

- Бүгіннің өзінде бізде иновациялар қолданылып жүр. Мәселен науқас медициналық мекемелердің жұмыс уақытына қарамастан, онлайндегі жеке кабинетіне кіре алады. Амбулаториялық картасын қарап, медициналық сараптама мен зерттеулердің нәтижелерімен таныса алады.

Ендігі кезекте бірыңғай электронды медициналық картаны енгізу тұр. Осындай карта нәресте дүниеге келісімен базада тіркеледі. Сондай-ақ жергілікті және шетелдік мамандармен телекеңесу жобасы  енгізілуде. Медицинаны цифрландыру бастамасы мемлекеттік бюджет пен Дүниежүзілік банкі қаражатынан қаржыландыру көзделіп отыр. 

Александра Сюбарова, Минск тұрғыны:

- Менің поликлиникамда электронды жүйені енгізе бастады. Әрине артықшылығы көп, мыңдаған қағаз жинамайсың, бәрі бір жүйеде. Сондай-ақ экологияға да жақсы, көп қағаз шығындалмайды. Дегенмен дәрігерлердің көбісі аға буын болғандықтан, оларға жаңа технологияларға көшу қиын әрине. Мәліметтерді енгізуге қиналып, бұл дәрігерге қаралу уақытын әзірше ұзартып отыр.

Электронды базада 10 миллиондай адам туралы мәлімет сақталады. Бұл деректермен 120 мың медицина маманы жұмыс істейді. Алғаш болып Минск пен Гродно облыстарының денсаулық сақтау салалары цифрландырылады. Жалпы бұл жоба бірнеше сатыдан тұрады. Бірінші технологиялық сатысында жүйрік интернетке қосатын инженерлік желілер тартылады. Осыдан кейін науқастардың жеке деректерін құпия сақтайтын қауіпсіз байланыс арнасы құрылады. Ал соңында компьютерлер мен арнайы техника сатып алынады.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы