389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық тұрғын соғыстан оралмаған әкесін өмірінің соңына дейін аңсап күткен

  • 281
  • UPD: 12:15, 04.06.2019

Ресейдің «Наше наследие» іздестіру бірлестігі қазақ жауынгерінің сүйегін тапты.

Ол 1916 жылы туған Уахит Қайырханов екен. Марқұмның  туыстарын анықтауға  Ертіс өңірінің «Панфиловшылар» іздеу жасағы қол ұшын берді. Белгілігі болғандай Уахит Қайырханов  майданға Павлодар облысынан алыныпты. Қайтыс болғаны жайында  1942 жылы қара қағаз келген. Бірақ  нақты   қай жерде жерленгені туралы мәлімет болмаған. Небәрі 25 жасында мерт болған жауынгердің артында қалған жалғыз ұлы Зейнолла Уахитов та өмірден өткен. Келіні Айсұлу Уахитова жолдасы көзі жұмылғанша әкесін аңсап күткенін  өкінішпен еске алды. Сүйегін жеткізе алсақ ұлының жанына арулап жерлейтін едік дейді ол.

Айсұлу Уахитова, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Сол әкесін тоса-тоса өзі де кетті жарты жыл болды. Ана біреу табылды дегенде өзі жылап отыратын.  25 жасында қайран кеткен әкем келмеді-ау деп. Енді мінекей тағдыр. 77 жылдан кейін жоғалған әкесі ұлының жанында жатса, бұл ғажап. Мұндай оқиға бола ма? Болмай ма? Соған таңым бар менің.

Өтепов Бақытжан, Павлодардың «Панфиловшылар» іздеу жасағының жетекшісі:

-  «Панфиловшылар» іздеу жасағы осы бағыттағы жұмысты жалғастырады. Екі күннен кейін  Халықаралық Еске алу жорығына қатысу үшін Тверь облысына жолға шыққалы отырмыз. Ол   1941 жылы Қазақстанда құрылған 100 және 101-дивизиясы ұрысқа қатысып,  жеке құрамының 75 процентін жоғалтқан тарихи  жер.

Хабар 24 телеарнасы