389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыз сумен қамту бойынша үкімет 500-ден астам жобаны іске асырды

  • 298
  • UPD: 12:41, 04.06.2019
Ауыз сумен қамту бойынша үкімет 500-ден астам жобаны іске асырды

2025 жылға дейін қалалар 100 пайыз, елді екендер 85 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылуы тиіс.

Сол үшін жыл сайын мемлекет қазынасынан қомақты қаржы бөлініп отыр. Мемлекеттік бағдарламар арқылы 500-ден астам жоба іске асқан. Бүгінгі Үкімет отырысында елді мекендерді ауызсумен қамту және су жүйлерін тарту мәселесі қаралып, алда атқарылар жұмыстар пысықталды. Қазіргі кезде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге деген қолжетімділік 90,2% немесе 16 жарым млн.адамда бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда орталықтандырылған сумен 10 млн.адам немесе қала халқының 94,5% қамтамасыз етілген деген ақпар берілді. Ал биыл қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткішін 97%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтерімен 6 жарым млн адам немесе 84% - дан астам адам қамтамасыз етілді. Енді 2 607 ауылда 1,2 млн адам санитарлық нормаларға сәйкес сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады. Павлодар облысында 25,2 мың халқы бар 52 ауылда суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылғаны жайында да мәлімет берілді.

Хабар 24 телеарнасы