383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халық саны аз елді мекендерге су тазартқыш модульдер орнатылады

  • 95
  • UPD: 14:00, 04.06.2019

Елімізде халқының саны аз ауылдарға су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Алайда ауыз су мәселесі онымен толық шешімін таппайды. Себебі мұндай проблема ауылдық жерлермен қоса қалада да бар. Урбанизация орталықтарының таза ауызсумен қамтылу көрсеткіші қазір 94 процент. Ал ауылдарда - 84 пайыз. Үкімет мүшелерінің айтуынша, түйткілдердің түйіні тек 2023 жылы тарқайтын болады. Бұл ретте халқының саны 200 адамнан аспайтын елдімекендерге блок-модульдер орнатылса өзгелері орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:

- Ол блок-модульдердің бағасы 30-50 млн шамасында тұрады. Ал мысалы бір ауылға су жеткізу үшін 3-4 млрд теңге керек. Сол себепті қазір әкімдермен ақылдасып, сол блок-модульдер Қазақстанда шығарылады. 1300-дей ауыл бар. Соларды толық қамтимыз.

Хабар 24 телеарнасы