389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Өңірлерді дамыту-2020» бойынша сумен жабдықтау саласында 338 жоба іске асқан

  • 392
  • UPD: 15:00, 04.06.2019
«Өңірлерді дамыту-2020» бойынша сумен жабдықтау саласында 338 жоба іске асқан

Үкімет отырысында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі қаралды.

Өткен жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру саласында 338 жоба іске асқан. Осыдан 2 жыл бұрын халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші қалаларда 93, ауылдарда 57 процент болған еді. Қазір қалалықтардың 94,5 пайызы, ал ауыл тұрғындарының 84 пайызы қамтылды. Алдағы меже 2023 жылы 100 процентке жеткізу. Сонымен қатар жаңа технологияларды пайдаланып, қолданыстағы жүйелерді жаңғырту жұмыстары жоспарда тұр. Айта кетейік, бұған дейін іске асқан мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде суды тасып іштетін тұрғындар саны 5 есеге азайған.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Ауылдарда 6,5 млн адам немесе 84 процентке қамтылды. Бұл ретте басқа ауылдар жергілікті су көздерін пайдаланады. Минстрлік 2019 жылы 88 пайызға жетуге, 2023 жылы халықтың 100 процентін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлайды.

Хабар 24 телеарнасы