386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде атты полицейлер күзетке шықты

  • 306
  • UPD: 14:27, 04.06.2019
Ақтөбеде атты полицейлер күзетке шықты

Ақтөбеде аттылар жасағы күзетке шықты. Олар бау-бақша ұжымдары мен өзен-көлдердің жағасында кезекшілік атқарып, қоғамдық тәртіпті бақылайды.

Негізінен шомылуға тыйым салынған жерлерде болып, су жағасындағы тазалықты басты назарға алады. Бүгіннен басталған жұмыс қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Былтыр осы уақыт ішінде, аттылар жасағы 15 қылмыс пен 261 әкімшілік құқық бұзушылықтың бетін ашқан. Ішімдік ішіп, заң бұзған 30 адамға қатысты 27 хаттама толтырылыпты. Жасақ облыстың барлық аудандарында жұмыс істейтін болады.

Нұрсұлтан Майлыбаев, полиция департаментінің бөлімше командирі:

- Ақтөбе қаласы бойынша біздер Елек, және Ақтөбе, Сазды су қоймаларында, Қарғалы өзендерінде түгелімен жаз бойы патрулировать етеміз. Атты жасағында 23 ат бар. Күнара 5 патрулден шығады. 10 ат және апта сайын ауысады. Кезекшілек атқарады белгіленген жерлерде. Қазіргі таңда 13 маршрут орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы