389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада еліміздің Әнұраны жаппай орындалды

  • 308
  • UPD: 16:28, 04.06.2019
Елордада еліміздің Әнұраны жаппай орындалды elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны жаппай орындалды.

Мемлекеттік рәміздері күні елімізде 4 маусым күні атап өтіледі. Мерекеге орай елордада өткен шараға 600-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Іс-шараға Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, елорда әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары қатысты.

Өз кезегінде Жандарбек Мәлібеков тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуттары ретінде Мемлекеттік рәміздерді сақтау мен ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, елордада Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның құрметіне 40-тан аса тақырыптық іс-шара өтеді.

Хабар 24 телеарнасы