378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық викторина жеңімпазы анықталды

  • 124
  • UPD: 23:45, 04.06.2019
Ұлттық викторина жеңімпазы анықталды

Болашақ сайлаушылардың құқықтық сауаты мен мәдениеті артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елімізде студенттер арасында сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша өткен ұлттық викторинаның жеңімпазы анықталды. Ақтөбелік студент Роман Есеналин оза шауып, біліктілігін көрсетті. Ол енді қыркүйек айында Санкт-Петербург қаласында өтетін халықаралық ғылыми пікірталасқа қатысады. Сонымен қатар алматылық Руслан Бөкенов, түркістандық Гүлназ Серікқалиева сынды студенттер де жүлдегер атанды. 

Айта кету керек, екі кезеңнен тұратын жарыстың ережесін Орталық сайлау комиссиясы бекіткен. Оған еліміз бойынша 30 жоғары оқу орындарынан 170-тен астам студент тіркелген болатын.

Хабар 24 телеарнасы