383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында судан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі

  • 117
  • UPD: 23:44, 04.06.2019

Алматы облысының Панфилов ауданындағы су шайып кеткен Пенжім ауылының тұрғындарына материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта өңірде арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына аттанды. Жұмыс тобы аулардарды аралап, келтірілген шығынды есептейтін болады.

Айта кетейік, кеше кешкісін жауған жауыннан таулы аймақта сел жүрген еді. Жаңбыр суы елді мекендегі бес көшенің бойымен ағып, 270 аулаға кірген. Қазір аталған аймақта төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел штаб өкілдері сумен келген лайды шығару ісіне жұмылдырылған. 

Азамат Жұртбаев, облыстық тжд баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазір Пенжім ауылында 200 техника және 40 адам жұмыс істеуде. Олар ТЖД, жергілікті атқарушы билік өкілдері, селден қорғау мекемесінің мамандары, полицейлер, әскерилер. Қазір ауылда жағдай бірқалыпты, ауылда ешқандай су жоқ.   

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Комиссия ең бірінші ауласына су кірген 270 ауланы көріп шығады. Одан кейін материалдық шығын талқыланады. Әрбір шығын келетін болса, акт толтырылып, соған сәйкес өтемақы төленетін болады.

Хабар 24 телеарнасы