383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 76 спорт алаңы және 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ

  • 186
  • UPD: 23:38, 04.06.2019
БҚО-да 76 спорт алаңы және 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ

Өткен жылғы Елбасы жолдауында бұқаралық спортты дамытуға мықтап мән берілгені мәлім.

Онда жүктелген міндеттер Батыс Қазақстан облысында да табысты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Жыл соңына дейін Жәнібек және Жаңақала аудандарында Қарашығанақ кенішін игеруші инвесторлардың қаржысы есебінен 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделген. Бұдан басқа ауылдық аймақтарда 76 спорттық алаң салу жоспарланған. Соның бесеуі Бәйтерек ауданында бой көтермек. Жуырда аудан орталығы Переметное ауылында ашылған спорт алаңы солардың бірі. Мұнда ауыл жастары мен мектеп оқушылары қалаған спорт түрлерімен шұғылданып, денсаулықтарын шыңдай алады. Келешекте барлық ауылда осындай нысандар салынбақ.

Ерасыл Асқар, мектеп оқушысы:

- Мен оған қуаныштымын. Кешке деген спортпен айналысып, футбол ойнауға, жүгіруге, осылармен ойнауға болады. Бізде бұрын болған жоқ. Шамалы саябақ болды. Соның ішіне ойнадық.

Асхат Шахаров, Бәйтерек ауданының әкімі:

- Былтыр ғана 6 спорт алаңын салсақ, биыл да сондай көлемде саламыз, амандық болса. Және де осындай спорт алаңдарын тек бюджеттен емес, былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы демеушілікпен де осындай спорт алаңдары салынған болатын. Әрине, бұл үлкен қуаныш, біздің балалардың уақытын тиімді өткізуіне және бұқаралық спортты дамытуға үлкен серпіліс.

Хабар 24 телеарнасы