389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың құтқару қызметі шомылу маусымы басталысымен күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

  • 292
  • UPD: 21:17, 04.06.2019
Елорданың құтқару қызметі шомылу маусымы басталысымен күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

Елордада шомылу маусымы басталды.

Биылғы жазғы каникул кезеңінде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірге қала аумағында 2019 жылғы шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шара жүргізеді.

Есіл өзені аумағында Департамент қызметкерлерімен, «ОААЖҚЖ» құтқарушылар және жергілікті полиция қызметімен 5 бекет құрылып (Ақбұлақ тарауы және Шұбар ш.а., құймалы бөгет, қарттар үйінің ауданы, «Газмашаппаратура» саябақтары және Нұра-Есіл арнасы), онда рейдтер және патрульдеу жүргізілуде. Халық көп жиналған уақытта күшейтілген түрде жұмыс істейді.

Сонымен бірге Департамент бойынша демалыс күндеріне рейдттер кестесі құрастырылып, суға шомылуға арналмаған барлық 15 орын қамтылды.

Су қоймаларында адам өлімінің алдын алу үшін департамент қызметкерлері 23 рейд өткізді, 90 тыйым салу белгілері орнатылды, 15 ақпараттық тақтайша және 1790 буклет пен брошюралар таратылды. Патрульдеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында судағы құтқару және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы дайындалған жас құтқару жасақтары да тартылды.     

ТЖД хабарлауынша, қаланың су қоймаларында адам өлімінің алдын алу мақсатында Полиция департаментімен біріккен кесте бекітіліп, онда суға шомылуға арналмаған орындар аса маңызды бақылауға алынды.

Сонымен бірге, 1 маусымнан бастап шомылу маусымының соңына дейін сағат 12:00-ден бастап 21:00-ге дейін судан-құтару стансасында күнделікті полиция қызметкері кезекшілікке түсіп, Есіл өзені бойынша құтқарушылармен бірігіп әрбір сағат сайын бақылау жүргізіледі, деп жазады astana.gov.kz.

Хабар 24 телеарнасы