388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жыл басынан бері 4 мыңнан аса қылмыс тіркелген

  • 436
  • UPD: 23:38, 04.06.2019
БҚО-да жыл басынан бері 4 мыңнан аса қылмыс тіркелген

Батысқазақстандық полицейлер саяжай және Пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп іс-қимыл жасамақ ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, жыл басынан бергі 5 айда аймақта 4 мыңнан аса қылмыс тіркеліпті. Тәртіп бұзатындардың 17 проценті қылмысты мас күйінде жасаған. Ал ала жіптен аттайтындардың үлесі 60 проценттей. Ұрлық қылмыстарын ашуда қалада орнатылған 1632 онлайн бейнебақылау камерасының көмегі ұшан-теңіз. Бірақ бұл аздық ететіндіктен, келешекте олардың санын көбейту де өзекті мәселенің бірі. «Ұрлық оқиғаларының көбі саяжайларда тіркеледі. Сондықтан әрбір саяжай қоғамына жауапты учаскелік инспекторды бау-бақша иелері жеткілікті танып-білуі тиіс. Біздің басты мақсатымыз да полицияның ашықтығы мен халыққа жақындығын қамтамасыз ету», – дейді департамент басшылары. 

Кенжебек Қоспаев, облыстық ПД жергілікті полция қызметі басқармасының бастығы: 

- Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, ұрлықтың саны біраз төмендеп отыр. Дей тұрғанмен енді қылмыстың құрамы жартысы болған соң, енді осындай мәселе туындап отыр. Кіреберістерден велосипедтер, сонымен қатар люктар, кабельдер ұрлығы болып жатыр. Осы қылмыстардың алдын алу мақсатында Пәтер иелері кооперативтерінің басшылығын жинап отырмыз.    

Андрей Заозеров, қалалық саяжайлар қоғамының төрағасы:

- Саяжайлардың көлік кіре алмайтын тұстары көп қой. Сондай кездерде атты полиция жасағының көмегі зор. Қазір саяжайларда 20 мыңға жуық адам тұрақты тұрып жатыр.  Сондықтан бейнебақылау камераларының қызметін барынша жетілдіріп, атты жасақтардың санын арттыру қажет деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы