389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде «Урал» көлігінің 150 данасы құрастырылады

  • 275
  • UPD: 23:37, 04.06.2019
Семейде «Урал» көлігінің 150 данасы құрастырылады

Семейде шығатын «Урал» автокөліктеріне сұраныс артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын бұл техникаларға тапсырыс күштік құрылымдардан, атап айтсақ, Ұлттық ұлан, шекара қызметтерінен түсетін. Енді биыл Қорғаныс министрлігі де отандық көліктерді алмақшы. Жыл соңына дейін 150 машина құрастыру жоспарланып отыр. Ең бастысы, бұл техникалар Еуро-5 экологиялық талаптарына сәйкес келеді әрі қазақстандық мазмұны 30 пайызға жеткен. Жол талғамайтын, ауыр жүк көліктеріне мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар да тапсырыс береді екен.

Жандос Ілиясов, техникалық директор:

- Енгізген өзгерістерді меңгеру үшін біздің өзіміздің мамандар барып оқудан өтіп келді. Оқуды үйренгеннен кейін осында келіп іс жүзінде қолданып жатыр. Қосымша тапсырыс өрт сөндіру машиналарына түскен. Соған біз қазақстандық үлесті арттыруды ойлап жатырмыз, көптеген бөлшектерді өзімізде жасап, өзіміз игеретіндей.

Хабар 24 телеарнасы